• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2011

Халықтық IPO: Оған кімдер қатысады?

487 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен кезекті Үкімет отырысы болып өтті. Онда Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов «Халықтық ІРО» бағдарламасының жобасымен таныстырды. Экономикалық даму және сауда министрлігі баспасөз қызметі­нің мәліметтеріне сүйенсек, бү­гін­де «Халықтық ІРО-ға» «Қаз­ТрансОйл» АҚ пен «КЕГОК» АҚ дайын деп іріктелінген. ІРО-ға үміткер компанияларды осы үде­ріске дайындау негізгі 3 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда, алдын-ала дайындық, акцияларды ор­на­ластыруға дайындық жүргізу, со­нымен қатар акцияларды орна­лас­тыру шаралары белгіленіп отыр. Ал халық арасында жүр­гі­зілген сауалнама нәтижесіне сәй­кес тұрғындар тарапынан ағым­дағы ІРО-ға сұраныс 100-200 млн. АҚШ долларына баға­лан­ған. Ведомство басшысының ай­туынша, бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан халқының өздері жинаған қаржыларын ірі компаниялардың акцияларына ин­вестиция ретінде салып, сол арқылы акцияларға иелік етіп, және осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының дамуын қамтамасыз ету. Мұнымен қоса «Самұрық-Қа­зына» әл-ауқат қоры басқарма төрағасының орынбасары Қуан­дық Бишімбаевтың сөзіне қара­ғанда, талдау нәтижелері бойын­ша аталған бағдарламаға қатысу­ға қордың бірқатар еншілес және бағынышты ұйымдары іріктелініп алынған. Олар бірінші кезекте акцияларды орналастыруға дайындық дәрежесіне қарай топтар бойынша бөлінсе, бірінші топ­тағы «ҚазТрансОйл» және «КЕГОК» акционерлік қоғам­да­ры­ның ІРО-ға шығарылу мерзімі 2012 жылдың 2-3 тоқсаны деп бел­гіленген. Екінші топтағы «Қаз­ТрансГаз», «Самұрық-Энер­го», «ҚазТеңізКөлікФлот» акционерлік қоғамдарының ІРО-ға шығарылу мерзімі 2013 жыл деп межеленіп отыр. Үшінші топтағы «Қазақстан темір жолы», «Қаз­ТемірТранс» акционерлік қоғамдарының ІРО-ға шығу мерзімі 2014-2015 жылдар аралығы деп жоспарланған. Сондай-ақ, төртінші топтағы «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамдары 2015 жылдан кейін ІРО-ға шығатын болады. Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аталған бағдар­ла­ма аясында еліміздің азаматтары осы халықтық ІРО-мен барынша қамтылуы қажет екенін атап өтті. Премьер-Министр Қазақстан хал­қының осы бағдарламаға қа­ты­су­ы­на барынша мүмкіндік жасалуы керектігін де назардан тыс қал­дыр­мады. Бұл тұрғыда К.Мәсі­мов, ел азаматтарына акция­лар­ды орналастырудың қыр-сырын ба­рынша ұғынықты түрде тү­сіндіру шараларын жүргізуді тап­сырды. Үкімет басшысының айтуына қарағанда, «Халықтық ІРО» бағ­дар­ламасының жобасы алдағы сен­біде болатын Үкімет отыры­сын­да қабылданатын болады. Оған дейінгі аралықта тиісті ұсы­ныстар жасалып, қажетті толық­тырулар енгізілмек. Сондай-ақ, Үкімет отырысын­да Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке «Халықтық ІРО» бағдарламасына ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың қатысуы мәсе­ле­сін қарастыруды тапсырды.  Бұл тұрғыдағы мәселелерді қада­ғалауды К.Мәсімов өзінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктеді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.