«Кеңес халықаралық қатынастар саласындағы отандық сарапшыларды біріктіру және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ жаһандық тұрғыдағы күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды», – делінген Парламент Сенаты баспасөз қызметінің ақпаратында. «Әлем дамуындағы ағымдарды жан-жақты әрі терең талдау негізінде Кеңес Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мәселелер бойынша инновациялық қадамдар әзірлейтін алаң болуы тиіс», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Халықаралық қатынастар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары биыл белгіленді. Шетелдік әріптестердің қатысуымен сарапшылар форумын өткізу, зерттеу гранттары мен стипендияларын тағайындау, сондай-ақ жас сарапшыларға арналған Жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарда тұр. Саясаттанушы Ерлан Карин кеңестің төрағасы болды. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Парламент Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық жетекші талдау орталықтарының басшылары кеңес төралқасының құрамына енді.
Қазақстан
•
10 Мамыр, 2017
Тоқаев халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды
414 рет
көрсетілді
Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрылтай жиналысында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бірлестіктің құрметті төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.