• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №680

495 рет
көрсетілді

2011 жылғы 21 маусым , Астана, Үкімет Үйі

Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «21» маусымдағы №680 қаулысымен бекітілген

Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі суда жүзетін кемелерін техникалық пайдалану тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағида ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдаланудың негіздерін, жобалық немесе берілген (белгіленген) техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес кемелерді авариясыз және тиімді пайдалану үшін оларды жарамды техникалық жай-күйде ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін айқындайды. 3. Осы Қағиданың ережесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының аясында пайдаланылатын, аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді қоса алғанда, ішкі су көлігі кемелеріне қолданылады. 4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) кепілдік мерзімі – пайдалану кезеңі, ол аяқталғанға дейін жұмысты орындаушы (жасау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету) кеменің (кеме техникасының) техника-пайдалану сипаттамалары мәндерінің белгіленген талаптар деңгейінде сақталуына осы Қағиданы сақтаған жағдайда кепілдік береді. 2) көліктік бақылаудың уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті; 3) көліктік бақылаудың уәкілеті органының аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары; 4) Кеме қатынасы тіркелімі – ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жіктейтін және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорын; 5) кемені (кеме техникасын) сынау – кеменің (кеме техникасының) техникалық-пайдалану сипаттамаларын табиғи айқындау; 6) техникалық пайдалану – барлық пайдалану мерзімі ішінде кемелерді жарамды жай-күйде ұстау үшін орындалатын ұйымдастырушылық, техникалық шаралар кешені; 7) техникалық жай-күйі – Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасымен регламенттелетін қасиеттердің, кеменің осы уақыт сәтінде пайдалануға жарамдылығының дәрежесін және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасына сәйкестігін сипаттайтын элементтерінің жиынтығы; 8) куәландыру – кеменің қолданылуын ескере отырып, оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес оның техникалық жай-күйін айқындау және сыныбын растау мақсатында кемені қарап шығу; 9) техникалық пайдалану сапасын бағалау – кеменің техникалық құралдарының, жүйелері мен құрылғыларының кеме иесі белгілеген көрсеткіштер жүйесі бойынша жұмыс істеуінің паспорттық және нақты деректерін бағалау, сондай-ақ кемені пайдалану кезінде болатын зақымдануды, істен шығу мен жұмыстағы кідірісті талдау; 10) кемені жөндеу – техникалық пайдаланудың құрамдас бөлігі, кеменің немесе оның элементтерінің техникалық-пайдалану сипаттамасын белгілі бір уақыт аралығында қамтамасыз ету, қолдау және қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі 11) техникалық пайдалану – кемені, кеменің техникалық құралдарын, жүйелері мен құрылғыларын кеме экипажы орындайтын олардың техникалық-пайдалану сипаттамасына сәйкес пайдалану; 12) техникалық басқару – кемелерді әртүрлі басқару деңгейлерінде техникалық пайдалануын ұйымдастыруды көздейтін техникалық пайдалануды басқару, техникалық қызмет көрсету жүйесі буындарының арасындағы өзара іс-қимылды реттеу; 13) пайдалануға дайындық – бұл ретте кеме техникасы жұмыс істейтін жай-күйде болатын, кеме экипажбен толықтырылған және бортында қажетті жарақтандыру мен қажетті құжаттары бар кеменің жай-күйі; 14) тоқтап тұру – кеме өз функцияларын орындамайтын кезең; 15) кеме экипажы мүшелерінің меңгерім бойынша кестесі – кеме экипажы мүшелеріне кеменің техникалық құралдарын бекітетін және экипаж мүшелеріне техникалық жай-күй мен оларды ұстауға жауапкершілікті бекітетін құжат.

2. Негізгі талаптар

5. Пайдалануға осы Қағиданың талаптарын және ішкі су көлігі саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді қоса алғанда, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес белгіленген қолданыстағы кеме құжаттары бар кемелер жіберіледі. 6. Кеменің техникалық, өртке қарсы және санитарлық дайындығы, оның жабдықталуы, экипажбен толықтырылуы, экипаж мүшелерінің біліктілігі мен кәсіби дайындығы: 1) кемелердің жүзу қауіпсіздігін; 2) экипаждың еңбек және демалысының қауіпсіздігін және қажетті жағдайларын; 3) жолаушылардың кемеде болу қауіпсіздігін және қажетті жағдайларын; 4) тасымалданатын жүктердің сақталуын; 5) кеме жұмысының берілген техникалық-пайдалану сипаттамаларын; 6) өз кемесінің сақталуына күрес құралдарын және басқа кемелер мен адамдарға көмек көрсету құралдарын тиімді пайдалануға тұрақты дайындығын; 7) қоршаған ортаның ластануын болдырмауды; 8) кемелердің уәкілетті органдардың талаптарына, сондай-ақ халықаралық рейстерді жүзеге асыратын аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге арналған халықаралық нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. 7. Кемелерді техникалық пайдалануды ұйымдастыруды кеме иесі немесе кемені жалға алушы жүзеге асырады.

3. Кемелерді техникалық пайдалану

8. Кемені техникалық пайдалануды экипаж жүзеге асырады және жоба мен нормативтік құжаттамада көзделген техникалық-пайдалану көрсеткіштерінің мақсаты бойынша кеменің және кеменің техникалық құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін вахталық қызметті атқару кезеңінде техникалық пайдалану бойынша іс-шаралар мен жұмыстар кешенін қамтиды. 9. Кемені техникалық пайдалану вахталық және кезекші басқару посттарынан жүзеге асырылады. Вахталық басқару посттарынан – оларда вахта персоналының тұрақты қатысуымен және кезекші посттарынан – оларда вахта персоналының тұрақты қатысуынсыз. 10. Кемелердегі вахталық және кезекші посттар белгіленген автоматтандыру класын негізге ала отырып, олардың жобасында анықталады. 11. Кеме экипажы жүзеге асыратын техникалық пайдалану зауыт нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі және кемелердің техникалық құралдарының жұмыс режимін іс-қимылға дайындығын тексеру, іс-қимылға енгізу және шығару, өзгерісін қамтамасыз ету және ұстау, берілген және нақты сипаттамаларын салыстыру, істен шығуды бағалау және тіркеу, оларды бақылау, есепке алу және техникалық жай-күйін ұстау болып табылады. 12. Пайдалану процесінде анықталған және оларды іс-қимылға шығаруға байланысты кеменің техникалық құралдарының ақаулығы вахта бастығының рұқсатымен жойылады. Егер жағдай оларды пайдаланудан шығаруға жібермесе, вахтадағылар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен кеменің және оның механизмдерінің ықтимал қирауларының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайды. 13. Кеменің резервтік техникалық құралдарын жыл бойы шамамен бірдей уақытта жұмыс істейтіндей етіп кезекпен пайдалану ұсынылады. 14. Кеме механизмдері, құрылғылары жүйелері жұмысының жай-күйін және режимін бақылау штаттық бақылау-өлшеу аспаптары мен авариялық-ескерту сигнализациясы құралдарының көрсеткіштері бойынша, сондай-ақ механизмдер мен жүйелердің жалпы жай-күйін көзбен шолумен жүргізіледі. 15. Барлық авариялық-ескерту сигнализациясы және авариялық қорғау құралдары іс-қимылда тұрақты болады және әзірлеуші зауыт нұсқаулықтарына сәйкес кезеңдікпен тексеріледі. Бақылау тексерулер немесе профилактикалық жөндеу кезінде оларды ажырату капитан мен механикке (аға механикке) баяндай отырып, вахта бастығының рұқсатымен ғана жүргізіледі, ол туралы кеме және машина журналына тиісті жазба жазылады. 16. Авариялық қорғау құрылғылары реттеледі және пломбаланады. Пайдалану кезеңінде пломбалардың кенеттен алынуы машина журналында тіркеледі. Пломбалау бірінші кіру портында қалпына келтіріледі. 17. Барлық өлшеу және бақылау құралдары жарамды жай-күйінде ұсталады және қолданыстағы куәліктері немесе тексеру белгілері болады. 18. Авариялық-ескерту сигнализациясы мен авариялық қорғау құралдары іске қосылған кезде вахта механигі іске қосылған себебін анықтайды және бұл жөнінде механикке (аға механикке) хабарлай отырып, механизмдер бұзылуын болдырмау және анықталған ақаулықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Көрсетілген құралдар жүйелі түрде жалған іске қосылған кезде вахта механигі оларды ажыратады және механизмдердің жұмыс режимін қалпына келтіреді, бұл жөнінде капитанның вахталық көмекшісін және механикті (аға механикті) хабардар етеді. Кеме және машина журналдарына тиісті жазба жазылады. Вахта механигі авариялық ескерту сигнализациясы немесе авариялық қорғау ажыратылған механизмнің жұмыс параметрлеріне бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдайды. 19. Кеменің, тасымалданатын жүктің бұзылу немесе адамдардың қаза болу қауіпі туындаған кезде капитанның вахталық көмекшісі авариялық-ескерту сигнализациясы және авариялық қорғау құралдарын өзі ажыратады немесе ажыратуға нұсқау береді. Әрбір нақты ажырату жағдайында капитанның вахталық көмекшісі дереу капитанға және механикке (аға механикке) хабарлайды. Кеме және машина журналдарына тиісті жазбалар енгізіледі. 20. Бас қозғалтқыш күтпеген жағдайда тоқтап қалған кезде (амалсыздан немесе өздігінен пайда болған) капитанның вахталық көмекшісі (вахта механигі) болған оқиғаның себебін анықтау және оларды жою бойынша дереу қажетті шаралар қабылдайды. Басқа да жауапты техникалық құралдар күтпеген жағдайда тоқтап қалған кезде вахта персоналы резервтік техникалық құралдарды іске қосады (егер олар болса) және ол туралы кеме капитанының вахталық көмекшісіне және механикке (аға механикке) хабарлайды. Осы жағдайлардың барлығы кеме және машина журналдарында тіркеледі. 21. Барлық механизмдер мен жүйелер өзінің тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Олардың жанында оларды іске қосуға дайындау, қосу, жұмыс режимін бақылау, оларды істен шығаруды тоқтату бойынша қысқа нұсқаулықтар ілінеді. Құрғату жүйесі, ағынды және балшықты сулар жүйесі сызбасында қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын вентильдер мен клинкеттерді пломбалау орындары көрсетіледі. Шетелге жүзетін кемелерде өрт сөндіру жүйесі, рульдік машина, авариялық дизель-генератор, құтқару құрылғылары, құтқару шлюпкаларының қозғалтқыштары, авариялық өрт сорғыш, өртке қарсы және су өткізбейтін жабулар сияқты механизмдер мен жүйелерде нұсқаулықтар мен сызбалар халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ілінеді.

22. Тоқтатылған режим кезінде тұрақ жағдайы мен қолданыстағы порт қағидаларына байланысты капитан кеменің тұрақты және белгілі бір мерзімге дайындық деңгейін белгілейді.

4. Кемелерді тоқтап тұруға шығару

23. Кемелерді пайдаланудан тоқтап тұруға шығару навигация кезінде және навигацияаралық кезеңде кеме иесінің немесе кемені жалға алушының шешімімен жүзеге асырылады. 24. Кеме навигациялық кезеңде кеме иесінің немесе кемені жалға алушының шешімімен тоқтап тұруға шығарылады. Бұл ретте ол пайдаланудан кеменің техникалық құралдарын және жүйелерін суықта (жұмыс істемейтін жай-күйде) ұстаумен немесе оларды жұмыс режимінде қолдаумен шығарылады. 25. Кемелерді қыста тұруға қою кезінде орындалатын ұйымдастырушылық іс-шараларды, сондай-ақ кеменің жекелеген техникалық құралдарын консервациялап қыстайтын жай-күйге келтіру бойынша жұмыс құрамын және оларды орындау мерзімдерін кеме иесі немесе кемені жалға алушы белгілейді. 26. Кеменің техникалық құралдарын қысқы тоқтату кезеңіне консервациялау тиісті механизмді техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулыкқа сәйкес жүргізіледі. 27. Кеменің техникалық құралдарын консервациялау, кеменің және кеме мүлігінің сақталуын, авариялық құтқару және өртке қарсы құрал-сайманды кемені қыстайтын жай-күйге келтіру процесінде іске қосуға дайындығы жөніндегі жұмыстарды орындауды кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады. 28. Кеме иесі немесе кемені жалға алушы кемелерді қыстайтын жай-күйге келтіру үшін мынадай жұмыстарды жүзеге асырады: 1) танкілерден, форпиктерден, ахтерпиктерден, су цистерналарынан, түпаралық бөліктерден, құдықтар мен тұндырғыштардан суды шығару, машина-қазандық бөлімдерді тазарту. Өрт қауіпсіздігі қағидасына сәйкес от жұмыстары жүргізілетін бөлімдерге жалғасқан құю кемелерінің отын және май цистерналарын, танкілер мен жүк бөлімдерін тазарту; 2) қыста отынмен және майлаумен қалатын вентильдер мен қылталарды, цистерналар мен бөлімдерді жабу және оларды пломбалау; 3) жолаушылар, қызметтік және шаруашылық үй-жайларын жинау; 4) кемеде бөлінген үй-жайларда құрал-сайманды, каюта мүліктерін және жылытылмайтын әрі ылғалды үй-жайларда сақтауға болатын кеменің басқа да жарақтарын қоймаға қою. Кеме иесі мен кәсіпорын арасындағы шарт бойынша (еркін нысанда) қоймаға төмен температурада және ылғалды үй-жайларда сақтауға болмайтын радионавигациялық жабдықты, бағалы заттарды, аспаптарды, өрт сөндіргіштерді, өрт жеңін, көбік құрауышты және өзге де жабдықтарды тапсыру жүргізіледі; 5) болат арқандарын сүрту және майлау; 6) жеңіл қоспалардан жасалған, хромдалған және никельденген бөлшектерді құрғатып сүрту және оларға техникалық вазелинді жағу; 7) электр камбуздар мен су қайнатқыштарды кеме желісінен ажырату; 8) барлық жанасатын және сырланбаған металл бөлшектерін кірден тазалау және майлау; 9) зәкір шынжырын беретін құрылғыға ерекше назар аудара отырып, зәкір шынжыры мен зәкірлерді қарап тексеру; 10) майлау материалын бақылау, майлау майын төгу, қозғалтқыш картерін жуу; 11) суды кетіру, жылу алмастырғыштың сыртқы қабатынан тыс кеңістіктерін шөгінділерден тазарту; 12) қозғалтқыштың суыту жүйесінен түсірмелі крандар арқылы қысылған ауаны үрлеумен суды кетіру; 13) отынды шығыс цистерналарынан түсіру; 14) білік сымды қозғалтқышпен тұйықтау; 15) бөлшектердің жылтыр және сырланбаған беттерін тазарту және майлап ашу; 16) суды су жүйелерінің құбыржолдарынан шығару, арматураның еруін болдырмау шараларын қабылдау; 17) суды сорғыштардан, сүзгіштерден, тұндырғыштардан, бактардан және цистерналардан шығару; 18) суды шығару, құбыраралық кеңістіктерді сумен жуу, күйеден тазарту; 19) жүйелер мен арматуралардан суды кейінгілерді ішінара бөлшектеп шығару; 20) ашық металл беттерін майлау; 21) бақылау-өлшеу аспаптарын алу; 22) бас таратушы қалқаншаларды және барлық таратушы қалқандарды ажырата отырып, кеменің электр желісін қыстайтын жай-күйге келтіру; 23) электр машиналарын, таратушы және іске қосуды реттейтін құрылғыларды тазарту, құрғақ сүрту, герметикалық қалпақтың тығыздауыш құрылғыларын тексеру; 24) бақылау-өлшеу аспаптарын және қажетті жағдайларда сақтауға арналған автоматика блоктарын тазарту, бөлшектеу; 25) қышқыл аккумуляторлардың бақылау-жаттығу циклін жүргізу; 26) байланыс, навигация, басқару, радионавигация (компас, эхолоттар, радиостанциялар, гирокомпастар, радиопеленгаторлар, радиолокаторлар) аппаратурасын алу және қоймаға өткізу (кеме иесі мен кәсіпорынның шарты бойынша); 27) құю кемелердің отын және май цистерналарын, танкілері мен жүк бөлімдерін толық тазарту және газсыздандыру; 28) жүк трюмдері мен кеме үй-жайларында балшықты тас және борт қаптауын ашу. 29. Кемені ұзақ мерзімге пайдаланудан (навигацияаралық кезеңнен астам) шығарған кезде кеме техникасы және кемені тұтастай сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың сол немесе өзге де механизмдерін, құрылғыларын және жүйелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес арнайы консервациялау жүргізіледі. Консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін кемені қысқы тоқтап тұруға қабылдау үшін кеме иесінің өтініші бойынша кемені өтініш түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде көліктік бақылаудың уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінің өкілі қарап тексереді. Кемені тексеріп қарау нәтижелері бойынша нысанын көліктік бақылаудың уәкілетті органы бекітетін акт жасалады және кеме иесі үш жұмыс күні ішінде мерзімді көрсете отырып, кемені консервациялауға қою туралы бұйрық шығарады. Қысқы тоқтап тұрудан кейін кемені пайдалануға алу үшін кеме иесінің өтініші бойынша кемені көліктік бақылаудың уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінің өкілі тексеріп қарайды, оның нәтижесі бойынша Акт жасалады. 30. Навигациялау кезеңінде тоқтап тұруға қойылған кемені күзетуді кеме экипажы немесе тоқтап тұру пункті шарт бойынша қамтамасыз ете алады. 31. Навигациялау және навигацияаралық кезеңдерде Актіге қол қойылған сәттен бастап кеме иесі мен кәсіпорын әкімшілігі арасында жасалған шартқа сәйкес кеме қауіпсіздігі мен оның барлық элементтерінің сақталуы үшін жауапкершілік шартта белгіленеді.

5. Кемені пайдалануға дайындау

32. Кемені пайдалануға енгізу кеме иесі немесе кемені жалға алушы белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Кемені пайдалануға енгізудің алдында кеме иесі бекіткен штаттық кесте бойынша кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы талапқа сәйкес экипажбен толықтырылады. 33. Кемені пайдалануға енгізуді дайындау капитанның жалпы басшылығымен жүзеге асырылады. Кемені пайдалануға дайындауды жүргізуді тікелей басқару капитанның аға көмекшісіне және механикке (аға механикке) олардың лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүктеледі. 34. Пайдалануға дайындық процесінде кемедегі байланыс және радионавигация аппаратурасын монтаждау, аккумуляторлық батареяларды және басқа жабдықтарды орнатуды қоса алғанда, кеме техникасы оны пайдаланудың техникалық шарттарына сәйкес жұмыс істейтін жай-күйге келтіріледі. Кеме экипажы жүргізетін кеменің техникалық құралдарын пайдалануға дайындығы олардың жай-күйін мұқият тексеріп қарау мен тексеруді және егер қажет болса, бөлу элементтерін, іске қосу және реверсивтік құрылғыларды, басқару, бақылау, сигнализация және қорғау құралдарын, ал қажет болған жағдайда сынамалық іске қосу мен механизмдерді ауыстыруды қоса алғанда, оларды реттеуді қамтиды. Сынамалық іске қосу барлық басқару пункттерінен жүргізіледі. 35. Кемені пайдалануға дайындау кезінде мыналардың жарамдылығы мен іс-қимылға дайындығына ерекше назар аударылады: 1) руль құрылғысы; 2) зәкір құрылғысы; 3) авариялық сигнализация; 4) электр жабдықтары мен жарықтандыру; 5) құтқару құралдары; 6) байланыс құралдары; 7) қашықтықтан басқару; 8) құрғату жүйелері; 9) экологиялық жапқыштар; 10) су өткізбейтін және өртке қарсы жапқыштар; 11) авариялық мүліктер. 36. Кеме дайындық кезінде құрал-сайманмен, қосалқы бөлшектермен, басқа кемелік жабдықталумен толықтырылады.

6. Кемені бункерлеу

37. Кеменің энергетикалық қондырғыларында пайдаланылатын отын және май дизельдерінің, қазан агрегаттары мен механизмдердің техникалық шарттарында белгіленген сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларында оңтайлы көрсеткіштермен олардың тиімді және сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. 38. Кемеге отын мен майды қабылдау жабық тәсілмен жүргізіледі. Бункерлеуді капитан кеме иесі бекітетін нұсқаулыққа сәйкес немесе оның тапсырмасы бойынша отын мен майға арналған паспорт немесе сертификат болған кезде жүргізеді. Ол құжаттарда маркасы және негізгі физика-химиялық сипаттамалары көрсетіледі. 39. Кемеге қабылданатын отын мен майдың әрбір топтамасынан сынама (отын мен майдың температурасы көрсетіле отырып, бункерлеуші пломбалаған) алынады, ол кемеде осы топтаманы барлық пайдалану мерзімі ішінде сақталады. 40. Қабылдау немесе пайдалану кезінде отын немесе май сапасында күдік тудыратын белгілер болса механик (аға механик) іріктеп алынған сынаманы талдау үшін зертханаға жібереді, оның нәтижелері бойынша оларды пайдалану мүмкіндігі немесе жеткізушіге шағым беру туралы шешім қабылданады. 41. Кемеде отын мен майды қабылдау, сақтау және оның жұмсалуын бақылауды, тиісті құжаттаманы ресімдеуді механик (аға механик) жүзеге асырады. Мұнай өнімдерін қабылдау бойынша операциялар капитанның вахталық көмекшісінің шешімімен жүргізіледі. 42. Отын мен майды қабылдау кезінде төгілуді болдырмау үшін кеме мен бункерлеуші арасында тікелей байланыс орнатылады. 43. Кеменің энергетикалық қондырғыларында қолданылатын отын қондырғылардың қалыпты жұмысын бұза алатын суды және механикалық қосындыларын кетіру мақсатында тиісті дайындықтан өтеді. 44. Майлау материалдарын уақтылы ауыстыру және жұмыс істейтін механизмдер мен жүйелерде оларды үнемдеп жұмсау үшін кемелерде қолданылатды майдың, майлау және арнайы сұйықтықтардың жай-күйін бақылау қамтамасыз етіледі. Жұмысқа арналған майлардың сапасын бақылауды механик (аға механик) жүргізеді. Майларды ауыстыру ақаулық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. 45. Кемедегі отын мен майдың шығысын есептеуді механик (аға механик) жүргізеді. Май мен отын шығысы бойынша есеп беру тәртібін және нысанын кеме иесі айқындайды. 46. Кеме ыдыстарына су қабылдау жағалаудан, су құйғыш кемелерден немесе санитарлық эпидемиологиялық қызмет (бұдан әрі - СЭҚ) органдары ұсынған орындарда, ішкі су жолдарымен жүзуді жүзеге асыратын, борттан тыс ішетін суды дайындау құралдары бар кемелерде СЭҚ органдары рұқсат берген қондырғыларда кеме жағдайларында тазарту және зарарсыздандыру жолымен жүргізіледі. 47. Судың сапасын бақылауды бірінші штурман (капитанның аға көмекшісі) жүзеге асырады. Сумен жабдықтау сапасын кезеңдік бақылауды СЭҚ органдары жүзеге асырады.

_______________________