• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2026

Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр

250 рет
көрсетілді

Атырау облысының Доссор кентінде 10-сынып оқушысы көз жұмды. Осыған байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Алайда оқушының өлімінің себебі әзірге белгісіз болып отыр. Ол өзіне қол жұмсады ма, әлде басқа жайт әсер етті ме? Кейбір дерекке қарағанда, оқушының мәйіті үйінен табылған.

Ақтөбедегі мектепте оқушы көз жұмды

«Қазір өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жағдайы күрт нашарлаған: Қаскелеңде 9-сынып оқушысы сабақ кезінде қайтыс болды

Соңғы жаңалықтар