• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2017

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы

262 рет
көрсетілді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Республиканың  тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа рай жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін, Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде 2-3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болады.