• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 18 Мамыр, 2017

Сенатта салық саясаты мен салық әкімшілердіруді жетілдіру мәселелері талқыланды

297 рет
көрсетілді

18 мамырда Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитеті «Мемлекеттің салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов салық саясатын жетілдіру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі екеніне назар аударды және ол көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге, бюджет түсімдерін ұлғайтуға, бизнесті инвестициялауға ынталандыру мен әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталғанын айтты.

«Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жанама салықтарды өндіру тетіктерін жетілдіру, міндетті түрде кіріс пен шығыстың салықтық есебін жүргізу жөніндегі қолданыстағы салық тәртібін оңтайландыру міндеттері қойылды. Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық ахуалға бейімдеу қажеттігін атап өткен болатын. Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына ынталандыруға және шикізаттық емес сектордағы салық базасын кеңейтуге бағыттау керек», - деді сенатор.

Ол сондай-ақ қолданыстағы салық жеңілдіктерін оңтайландыру, жалпыға бірдей декларациялау қарсаңында арнаулы салық тәртіптерін қайта қарау қажеттігін айтты. Салық әкімшілендіру тетіктері де жақсартуды талап етеді. Соған байланысты Үкіметте «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) жаңа кодекс әзірленіп жатыр.

Шара барысында салық саясаты мен шағын және орта бизнес субъектілеріне салық ауыртпалықтары, сондай-ақ салық әкімшілендірулерін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қаржы және бюджет комитеті отырысқа қатысушылармен бірлесе отырып дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Үкіметке жіберілетін ұсыныстарды әзірледі.