• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Әріптестікті дамытудың маңызы аталды

149 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі елдің парла­мент­аралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі жолдары, атап айтқанда, мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған құқықтық шешімдерді қамтамасыз ету жоспарлары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев В.Володинді Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтады. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестігіне негізделген интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Соңында В.Володин Мемлекет басшысын және республика халқын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. – Қазақстанның қалай дамып келе жат­қанын көріп отырмыз. Елдеріңіз тәуел­сіздік алғаннан бері зор табыстарға жетті. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқаты жақ­сарып, экономиканың түрлі саласында жетіс­тіктерге қол жеткізілді, Астананың даму қар­қыны артты, – деді Мемлекеттік Дума­ның төрағасы. В.Володиннің Қазақстанға келуі оның Мемлекеттік Дума төрағасы ретіндегі шетелге алғашқы сапары болып табылады.