Бүгін Қазақстанның бүкіл территориясында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар, жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.