• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Қызылжарда түзету орталығы ашылды

252 рет
көрсетілді

Петропавлда Тәуелсiздiк күнi қарсаңында мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған заманауи психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. «Мұнда барлық жағдай жасалды. Жаңа кабинет арқасында балаларға мамандандырылған психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетiледi. Орталық балалар үшiн жайлы болатынына сенемiн», – деді өңір басшысы Ерiк Сұлтанов Петропавлдағы мекеме Қазақстан бойынша ашылған жетiншi орталық. Орталық «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Дара» Қайырымдылық Қоры ашып отыр. «Барлық балалар қабiлеттi және лайықты бiлiм мен дамуға құқылы. Уақтылы және мамандандырылған кәсiби көмек кез келген баланың өмiрiн жақсарта түсуге мүмкiндiк бередi», – дедi «Дара» қайырымдылық қорының жобалар басшысы Марал Шешембекова. Жаңа орталықта әрбiр ерекше баламен кәсiби мамандардың тобы жұмыс iстейдi, олардың iшiнде педагог-психолог, дефектолог, логопед, сурдопедагог, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық-ырғақтық дәрiстердiң ұстазы, емдеу массажының медбикесi бар. Бұдан басқа, ата-аналарға психологиялық қолдау мен кеңестiк көмек көрсетiледi. Жыл сайын бұл орталық дамуында түрлi ауытқулары бар 100-ден астам балаға тегiн мамандандырылған және мамандандардың кешендi көмегiн ұсынады.