• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

«Алтын доп» жүлдесінің дауыс беру нәтижесі белгілі болды

591 рет
көрсетілді

Мадридтің «Реалында» өнер көрсететін португалиялық Криштиану Роналду «Алтын доп» жүлдесінде барлығы 745 ұпай жинады, деп хабарлады vesti.kz. France Football басылымының сыйлығына барлығы 30 футболшы үміткер атанды. Жеңімпаз спорт журналистері арасында дауыс беру арқылы анықталды. 31 жастағы футболшы өз мансабында төртінші «алтын добына» қол жеткізіп отыр. Екінші орынға аргентиналық Лионель Месси (316 ұпай) жайғасса, үштікті «Атлетико» клубының форварды Антуан Гризманн (198 ұпай) түйіндеді. Айта кетейік, 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) мен француз басылымы жылдың үздік ойыншысын ұлттық құрамалар капитандарының, бас жаттықтырушыларының, сондай-ақ журналистердің дауыс беруі арқылы анықтаған. Ұйымдастырушылық жұмыстарымен аталған федерация айналысса, награда «ФИФА-ның алтын добы» деп аталған. Ал биыл ФИФА мен France Football арасында әріптестік тоқтап, жыл ойыншысын басылымның өзі марапаттады. Нәтижесі төмендегідей: 4. Луис Суарес («Барселона») 5. Неймар («Барселона») 6. Гарет Бэйл («Реал») 7. Рияд Марез («Лестер») 8. Джейми Варди («Лестер») 9. Пепе («Реал») 9. Джанлуиджи Буффон («Ювентус») 11. Пьер-Эмерик Обамейянг («Боруссия») 12. Руй Патрисиу («Спортинг») 13. Златан Ибрагимович («Манчестер Юнайтед») 14. Артуро Видаль («Бавария) 14. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») 16. Роберт Левандовски («Бавария») 17. Димитри Пайе («Вест Хэм») 17. Лука Модрич («Реал») 17. Тони Кроос («Реал») Сонымен қатар, "Алтын доп" жүлдесіне үміткер 11 футболшы тілшілер тарапынан ешқандай дауысқа ие болмады. Олар: Серхио Агуэро («Манчестер Сити»), Кевин де Брейне («Манчестер Сити»), Пауло Дибала («Ювентус»), Диего Годин («Атлетико»), Гонсало Игуаин  («Ювентус»), Андрес Иньеста («Барселона»), Коке («Атлетико»), Уго Льорис («Тотенхэм»), Томас Мюллер («Бавария»), Мануэль Нойер («Бавария») және Серхио Рамос («Реал»).