Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылында 80 орындық мектеп ашылды.
Мұнда жарық әрі кең кабинеттер, үлкен акт және спорт залдары, асхана, кітапхана, арнайы компьютер класстары бар. Сонымен қатар, химия, биология, физика сыныптары қажетті құралдармен жабдықталған. Білім ордасын салуға 240 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстанда 170 білім беру нысаны – 138 мектеп және 32 балабақша тұрғызылды.