• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

94 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Томислав Николич Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қазақстан мен Сербияның көшбасшылары екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекеттер басшылары биылғы қарашада Сербияның Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға арналған сапарының қорытындысына оң баға берді. Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.