Қазақстандық Айдар Казов 77 келіге дейінгі салмақ санатында ауыр атлетика бойынша Азия Кубогының жеңімпазы атанды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Айдар қоссайыс жиынтығында ирандықтан бір балға озып, 317 (140+177) келі көтерді. Осы санатта жарысқа түскен бағы бір спортшымыз 19 жастағы Жасұлан Қалиев алтыншы орын иеленді.
Айта кетейік, 14-17 қазанда Дохада (Катар) ауыр атлетика бойынша бірден екі турнир өтіп жатыр: Азия Кубогы және Катар Халықаралық кубогы.
Еліміздің атынан бұл жарыстарға төрт спортшы қатысып жатыр. Олар: Айдар Казов (77 келіге дейін), Жасұлан Қалиев (77 келіге дейін) Селімхан Әбубәкіров (105 + келі), Александра Аборнева (75+ келі).