• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2016

Батырдың сауыты мен қылышы

540 рет
көрсетілді

Әскери-тарихи мұражайда көпшілік назарына ұсынылды Қазақстан Қарулы Күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи мұражайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және музейдің ашылғанына бір жыл толуына орай «Ұлы дала: әскери тарих» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Алқалы жиын барысында көпшілік Алашорда әскерлеріне арналған көрмені, Берел қорымынан табылған жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар, Қызылорда облысы Арал ауданынан жеткізілген Айдарбек батырдың сауыты мен қылышы таныстырылды. Ғалымдардың есебінше, Айдар­бек Өрісұлы шамамен ХVI-ХVII ғасырларда, Шығай, Тәуекел хан­дардың тұсында өмір сүрген. Жаужүрек батыр деректерде оның «Ақтабан шұбы­рынды, алқакөл сұлама» сынды сұрапыл заманды көргені, жоң­ғарларға қарсы шайқастарға белсене қатысқандығы айтылады. Сонымен қатар, сексен жасқа жет­се де жорықтан қалмаған, кезек­ті ұрыста ауыр жараланып, көз жұмған. Батыр жерленгеннен кейін сауыт-саймандары мен жеке тұтын­ған заттарын ұрпақтары ырымдап бөліп алған көрінеді. Солар­дың бірі Тәуелсіз Қазақ мем­лекеті құрылған соң ғана көп­шілікке көрсетілуде. Төрт ғасырдан астам уақыт ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген құнды жәдігер батырдың Арал қаласындағы ұрпағы, зейнеткер Жеткерген Нұрқабыловтың үйінде сақталып келген. Ақсақал баба­сының сауытын қараша айында Астана қаласындағы Әскери-тарихи мұражай қорына тапсырды. Жеткерген Нұрқабыловтың айтуынша, таза болаттан жасалған тор көзді сауыттың салмағы он келіден асады. «Бұрын бұл сауыт бұдан да үлкен болған екен. Уақыт тезіне шыдамай етек тұсы қиылып, ептеп бүлінсе де міні құрымай, бүгінге жеткен жәдігер ел тарихының бір бөлшегі екені ақиқат. Тек зерт­теушілері табылып, егжей-тег­жейлі сараптаса, жөн болар еді», дейді батырдың ұрпағы. Еске сала кетейік, былтыр тойланған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Айдарбек батырдың ат үстіндегі айбынды бейнесінен ескерткіш сом­дал­ған. Қолда бар деректерге сүйеніп тарихи-танымдық кітап шығарылған. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»