• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2016

Тікелей эфирден тамашалады

175 рет
көрсетілді

Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында Азаттықтың 25 жылдығына орай Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен республикалық салтанатты жиынның тікелей көрсетілімі болды. Оған мәслихат депутаттары өңір жұртшылығы мен активінің Қазақстан халқы Ассамблеясы, ардагерлер ұйым­дары, шығармашыл зиялы қауым, білім және ден­саулық сақтау салалары, жастар ұйым­дарының өкілдері, мемлекеттік және мерейтойлық марапат иелері қатысты. Елбасы Қазақстанның ширек ғасыр­дағы табысын електен өткізді. Осы ара­лықта экономика артып, әлеуметтік жағдай біршама түзелді. Қазақ тілінің өрісі кеңейді. Медицина саласында айтарлықтай алға жылжу байқалады. Бір ғана мысал, Қазақстан жасанды жүрек орнату жағынан әлем бойынша Германия мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр. Мемлекет басшысы Үкіметке алдағы жылдан бастап дүниеге келген сәбиге берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырды. «1991-2016 жылдар аралығында қазақстандықтардың табысы 40 есеге, ал елдің ішкі жалпы өнімі 20 есеге артты. Шамамен 2 миллион жұмыс орны ашылды», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы елдің дамуы жолында жұмыс істеген барша қазақстандыққа алғыс айтты. Ең күрделі кездің өзінде отандастардың қолдауы күш-жігер бергенін жеткізді. Тәуелсіздік жылдарында мыңдаған мектептер мен балабақшалар салынып, ағарту ісіне жаңа технологиялық әдістер енгізілді. Азаттық алған айшықты мерекеге арналған жиында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың жадына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіру үрдісі жалғаса беретінін айтты. Әсіресе, әрбір жас қазақстандық кәсіптік бағдарда оқытылып, қоғамға дайын маман болып қосылатыны аймақ ұстаздарын қуантты. «Мектептегі балалардың тек қана білім алып қана қоймай, бір кәсіпті игеруіне мүмкіншілік жасалатыны, біздің ұлттық білім-ғылымның, руханият мамандарының өркениетті түрде білім алатынына және осы саланың дамуына арналған Елбасының сөздері ерекше тебірентті. Жаңа технологияларды, жаңа мамандықтарды игеруде, білім-ғылым саласын жетілдіру, отандық өндірістерді өркендетуге осының барлығына негіз қаланып тұр», дейді тікелей эфирді тамашалаған М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Әлима Әбдіхалықова. Шара соңында қатысушылар мере­келік жиын туралы пікір білдіріп, мем­лекеттің қалыптасуындағы Елбасы еңбегін атап өтті. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан ҚЫЗЫЛОРДА