• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2016

Ынтымақ ырысы

243 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Назарбаевтың  бастамасымен құрылған Конституциялық мәртебесі бар айрықша институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірге келіп,  осы елдегі барша этнос өкілдерінің игілігі мен ынтымағына қызмет етіп отырғаны үшін ең алдымен Президентімізге алғыс айтамыз. Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай салтанатты жиында жасаған Президентіміздің баяндамасын зор ықыласпен тыңдадым. Еркін елде өмір сүріп жатқанымыз үшін қуандым, Тәуелсіздікті нығайту үшін жүзеге асырып жатқан табыстар туралы естіп, марқайдым. 25 жылда қол жеткен жетістікті саралап, «Неден ұттық? Осының бәріне қалайша қол жеткіздік?» деген мәні бар сұрақтарды ел алдындағы есебі, келешекке жасаған бағдары іспетті маңызды ойларын кең пішіп, кемел түйіндейтін мінезімен жан-жақты баяндады. Қайталаудан жалықпай айтып келе жатқан «Келешегіміз – бірлікте!» деген сөзін өте көрегенділікпен айтылған сөз деп білемін. Қазақстанда қыруар шаруалар атқарылып жатыр. Елбасымыз егемен елді ертеңге алып өтетін алтын көпір салды, Тәуелсіздік жолына миуалы ағаш екті, Тәуелсіздікті армандаған халқы үшін шөлден құдық қазып, аңқасы кепкен жұртына зәм-зәм суын берді. Осы халықпен біте қайнасып, елдің өркендеуі жолында қажыр-қайратын аямай еңбек етіп жатқан барлық халықтың  құрамында біз де, ұйғыр ұлты да тыныштықты, ынтымақ- бірлікті, бейбітшілік пен достықты, рухани келісімдерді нығайтуға өз септігімізді тигізіп жатырмыз деген ой мені де жылытады. Себебі, биылғы Тәуелсіздік күнінің атаулы мерекесіне орай 83 жылдық тарихы бар Ұйғыр музыкалық драма театрына «академиялық» деген үлкен мәртебе берілді. Халықтың рухани, мәдени өрісін кеңейткен өнер ордасының еңбегіне лайықты баға беріп, абыройын өсіргені Қазақстанда тұрып жатқан  күллі ұйғыр халқының мерейін тасытып, қуанышқа бөледі.  Мұндай абыройлы атақты иелену біз үшін бақыт. Ахметжан АШИРИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург АЛМАТЫ