Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов ҚХР ХӨБЖ Тұрақты комитеті бас хатшысының орынбасары Цао Вэйчжоумен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Халық өкілдерінің Бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның Қазақстанға алғашқы ресми сапарына әзірлік аясында өтіп отырған кездесуде Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қ.Сұлтанов атап өткендей, Қазақстан мен Қытайды дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастар байланыстырады, екі мемлекет арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың барлық салалары табысты болып келеді.
Кездесу барысында тараптар тату көршілес екі елдің стратегиялық әріптестігін дамытудағы Қазақстан басшысы Н.Назарбаев пен Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның ауқымды үлесін атап өтті.
Ц.Вэйчжоу айтқандай, «ХӨБЖ төрағасы У Бангоның дос және қонақжай елге сапарына Қытай үкіметі зор маңыз береді».