• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2016

Түркияда әскерилердің автобусы жарылып, 13 қаза болды

137 рет
көрсетілді

Фото Рейтер

Түркияның орталық аймағындағы Кайсери қаласында әскерилер мінген автобус жарылды. Бұл туралы Рейтер хабарлайды. Автобус жарылғыш заттар қойылған машинаның жанынан өтіп бара жатқан кезде жарылыс болған. Кей мәліметтер бойынша, қанды оқиға салдарынан 13 адам қаза болып, 48-і жараланған. Түрік телеарналары таратып жатқан кадрлардан автобустың тұтас өртеніп кеткені көрінеді. Елдің Бас штабы оқиғаны «теракт» деп бағалады. «08.45-те әскерден жаңа босаған солдаттар мен ефрейторлар мінген машинаға бағытталған теракт салдарынан 13 әскери жолдасымыз қаза болып, 48 адам жараланды. Жаралылар ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында бейбіт тұрғындар болуы мүмкін» делінген Бас штаб таратқан хабарламада. Бір апта бұрын, 10 желтоқсанда Стамбулда болған терактілер салдарынан 40 адам қаза тауып, 150-і жарақат алған болатын