БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі қолөнершілердің жұмысын қою үшін ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағынан орын бөлінеді дегенге үмітті. Бұл туралы бүгін БҰҰ Даму бағдарламасы төрағасының орынбасары Мунхтуя Алтангерел мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Бүгін Астанада өткен «Шебер-Керуен фестивалінде есту қабілеті нашар қолөнершілердің қолынан шыққан дүниелер халық назарына ұсынылды.
«БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы еліміз бойынша екі жүзге жуық қолөнершіні оқытқан болатын. Олар ЭКСПО көрмесіне қатысады деп үміттенеміз», – деді Мунхтуя Алтангерел.
Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фестивальға 70-тен астам дарынды қолөнер шебері қатысып жатыр. Олардың арасында үй шаруасында отырған әйелдер де, қолөнерді кәсіп еткен бизнесмендер де, сол сияқты әуестеніп, хоббиі еткен адамдар да бар.