Көкшетауда жаңа жылға биіктігі 22 метрлік шырша орнатылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстың басты шыршасы Тəуелсіздік алаңында орнатылмақ. Қазіргі кезде, мұнда мұз қалашығының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала басшылығы биылғы мұз қалашығын жылдағыдан өзгеше, əсем етіп жасамақ. Оны əзірге, құпия ұстап отыр.
Қазірдің өзінде теміржол вокзалының алаңында биіктігі 12 метрлік шырша орнатылған. Сонымен қатар, «Достар» мəдениет сарайының алдында 20 метрлік, Тəуелсіздік алаңында 22 метрлік басты шырша орнатылады.