• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2016

Танымал шаруа Генадий Зенченко қайтыс болды

196 рет
көрсетілді

Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz. Шаруа қызметкерінің бүгін қайтыс болғаны белгілі болды. Айта кетейік, жерлеу рәсімі Новоникольск ауылында өтеді. Геннадий Иванович Зенченко - "Зенченко и К" серіктестігінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Еңбек ері атанған, сондай-ақ, Геннадий Иванович Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы. Естеріңізге сала кетсек, 15 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Зенченко өзіне екі рет хат жазғанын, ол хаттарда қазақстандықтардың тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі өмірі көрініс тапқанын айтқан болатын.