• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2016

Қостанайда Мәуліт-шәриф мерекесі өтті

335 рет
көрсетілді

Қостанай қалалық мешітінде Мұхаммед Мұстафа пайғамбарымызға арналған мәуліт-шәриф мерекесі өтті.  Пайғамбарға салауат пен сәлемді араб және қазақ тілдерінде мешіт имамы мен шәкірттер орындады.  Мерекеде белгілі ақын, журналист-публицист Ақылбек Шаяхмет жиналған жамағатты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған айы—мәуліт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, жыр шумақтарын арнады. Мұнан кейін Қостанай қалалық мешітінің наиб-имамы Дүйсен Дайыр Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен тағылымды тағдырынан ғибратты насихат айтты. Қостанай облысы бойынша ұйымдастырылған  Қостанай қалалық мешітінде ашылған екі айлық сауат ашу курсында оқып жатқан Қытайбеков Болатбай  есімді шәкірт Әбубәкір Кердерінің «Насихат-толғау» атты термесін орындады. Қасиетті мәуліт-шәриф мерекелік асына Қостанай қаласының тұрғыны Орал Таңжарықов демеушілік көрсетті. Мереке соңында Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Әмірханов жамағатты мерекемен құттықтап, мешіттегі тәрбиелік маңызы зор тағылымды істерге атсылысып жүрген азаматтарға алғыс айтты. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан». Қостанай