• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы бағаны қымбаттатуда

135 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні кешке Астана уақытымен 20:45-те Брент маркалы мұнайдың бағасы таңғы сессиядан 1,58 пайызға ұлғайып, 55,79 долларды құрады. Оған себеп болған АҚШ-тағы мұнай қорының азаятыны туралы болжамның жариялануы. Ал бүгін таңертең Астана уақытымен сағат 09:00 шамасында қара алтынның баррелі 55,40 долларға саудаланды. Сарапшылардың айтуынша, осы аптада АҚШ мұнай қоры өткен аптамен салыстырғанда 2,4 млн баррельге қысқаруы мүмкін. Ал өткен апта оның алдындағы аптамен салыстырғанда 2,56 млн баррель азайған еді. Нәтижесінде мұнай бағасы 17 айлық максимумды жаңартып, 55,5 доллардан асып кеткен болатын.