• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Goldman Sachs: 2017 жылдың басында мұнай бағасы $59 болады

92 рет
көрсетілді

Goldman Sachs банкінің мәліметінше, Брент маркалы мұнайдың бағасы 2017 жылдың бірінші жартысында 59 доллар болмақ. Қаржы институтының жорамалы бойынша, келер жылы мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін азайту жоспары 84 пайызға орындалмақ. Айта кетейік, келер жылдан бастап ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін азайту туралы келісімі өз күшіне енеді. Осы орайда Қазақстан да 2017 жылдан бастап тәулігіне қарашадағы көрсеткіштен 20 мың баррельге кем өндіруге міндеттелген еді. Егер аталған келісім 100 пайыз орындалатын болса, қара алтынның құны 6 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.