• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

2017 жылдан бастап Қазақстанға визамен кірудің жаңа тәртібі енгізіледі

161 рет
көрсетілді

2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан шекарасына өту визасы берілуінің жаңа тәртібі өз күшіне енеді, деп хабарлайды Strategy2050.kz агенттігі ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа сілтеме жасап. Жаңа тәртіптерді қабылдаудың мақсаты көші-қон мен  визалық саясат саласында   қазіргі заманғы халықаралық  жағдайды ескере отырып визаны беру тәртібін оңтайландыру. Ұлттық заңнамадағы өзгертулер ҚР шекарасына шетелдік азаматтардың ену тәртібін жеңілдетеді, деп хабарлады СІМ. Е.Ыдырысов  жаңашылдықтар туралы сөз қозғап, жаңа тәртіптер шетелдік азаматтардың ел екарасына кіру тәртібін ашық, жылдам және жеңіл ете түседі. «Біз қарапайым, түсінікті және ыңғайлы тәртіп орнатуға ұмтылдық, азаматтардың қызығушылықтарын ескере отырып, өзге шетелдік тәжірибені де қолдануға ұмтылдық. Бұл біздің азаматтардың өзге елдердің тұрғындарымен ынтмақтастықты дамытып, іскерлік тұрғыдан да дами түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді министр. Сыртқы істер министрлігінің басты жаңашылдықтарының бірі  заңды және жеке тұлғалардың дайындайтын визалық шақыртуларының  Сыртқы істер министрлігіне берілуінде. «Оның нәтижесі шақыртуларды дайындауды жеңілдете түседі.  Ол тек Астана мен Алматыда ғана емес,  көші-қон полициясы жұмыс істейтін облыс орталықтарында да жүзеге асады», - деді Е.Ыдырысов.