• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Ауыл шаруашылығын дамыту ғылымға байланысты

183 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асқар Наметов пен «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев қатысты. «Қазақстанның аграрлық ғылымының стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті өнімді алу. Осы мәселені шешу мақсатында 2015 жылдың тамыз айында Үкіметтің Қаулысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрылды. Орталықты құрудың негізгі мақсаты – жоғары білікті мамандарды дайындау және қайта дайындау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу. АӨК тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу негізінде Қазақстан экономикасы аграрлық секторының инновациялық дамуына қолдау көрсету», – деді ол. Оның айтуынша, қазіргі таңда ҰАҒБО КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. Сонымен қатар, «ҰАҒБО» КЕАҚ құрамында аграрлық технологияларды трансферттеу және коммерциализациялау орталығы (АТТК) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі отандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми-техникалық нәтижелерін енгізуге бағытталған. Бүгінде елімізде шетелдік инновацияларды енгізу үшін АТТК қызметін кеңейту мәселесі қарастырылуда. Осы мәселелерді шешу арқылы ғылыми ұйымдардың қызметін ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қажеттіліктеріне сәйкес өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған зерттеуді дамытуға жол ашады. Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл фермерлер үшін тиімді инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің санын 10 пайыздан 25 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалдары бар 23 ғылыми зерттеу институттары, 7 тәжірибелік шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистік компаниялар бар. 2016 жылдың 1 қарашасына ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 5513 адамды құрады, олардың ішінде 1443 ғылыми қызметкерлер: 142 ғылым докторы, 389 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы және 246 магистр. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»