• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Шымкент әкімдігі шыршаға кететін ақшаны жетімдерге таратып берді

103 рет
көрсетілді

Жаңа жылдың басты символын орнату мен шаһарды безендіруге биыл да қазынадан бір тиын да қарастырылмаған. Қала әкімдігі ол қаржыны әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан және жетім балаларға үлестіріп берді.

Биыл жергілікті билік бұл қайырымдылық шарасында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыдан шыққан және жетім 804 бала қаржылай сыйлық үлестірді. Олардың әрқайсысына 20 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 42 мың теңгеден аударылды.