• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

ТМД-ны құру келісіміне қол қойылған тарихи сәттің видеосы жарияланды

241 рет
көрсетілді

Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында 1991 жылы 21 желтоқсанда 11 елдің басшылары бас қосқан тарихи кездесу туралы видео жарияланды. «1991 жылы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Алматы қаласында қазақстандық тараптың бастамашылық етуімен өткен бұрынғы КСРО құрамында болған 11 мемлекет басшысының кездесуіне қатысты, – деп жазылған видеоға қосымша пікірде. Кездесу қорытындысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Хаттама мен Келісімге; Алматы  декларациясына; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үйлестіруші институттары туралы келісімге;  Тәуелсіз мемлекеттер басшылары жиналысы туралы Хаттамаға; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің шешіміне қол қойылды».