• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Биыл климатты бақылау тарихындағы ең жылы уақыт болды

162 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың алғашқы 11 айы ауа райы мен климатты бақылау тарихындағы ең жылы уақыт болды. Желтоқсан айы да өзгеріссіз қалса, 2016 жыл ең жоғары температурадан рекордтық көрсеткіш болды. Бұл туралы 20 желтоқсанда Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының  (БМҰ) Женевадағы штаб пәтері хабарлады, дейді ҚазАқпарат. Олар 2017 жылдың басында 12 айдың қорытындысын жариялауға уәде беріп отыр. Жердегі термометр бағаналары қаңтар-қараша айларында ХХ ғасырмен салыстырғанда орта көрсеткіштен 0,94 градус Цельсияға өскен және 2015 жылдағы рекордтық көрсеткіштен 0,07 градусқа көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, жылы қараша айы «1880 жылдан бергі бақылау көрсеткішіндегі ең жылы жыл болады» деген бұрынғы болжамды дәлелдеді. Айта кеткен жөн, Арктикада да биылғы жылы аса өзгеше болды: ондағы температура Жермен салыстырғанда екі есе жылдам көтерілуде.