БҰҰ мемлекеттік хатшысы Пан Ги Мун Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауға түсуге ниеті барлығын тұспалдап жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.
«Менің БҰҰ мемлекеттік хатшысы ретінде қызмет атқарған 10 жыл бойғы тәжірибем мен көрген-білгендерім Корея Республикасын алға жылжытатын болса, мен өзімді осы іске толықтай арнағым келеді», - деген Пан Ги Мунның сөзін келтіреді агенттік.
«Менің мүмкіндігім шектеулі болса да, азаматтардың әл-ауқаты мен табысын арттырып, мемлекетті дамыта алсам, мен аямай еңбектенуге бармын», деді ол.
Пан Ги Мун президенттік сайлауға қатысу туралы ресми түрде айтпаса да, үміткерлер қатарында оның аты аталып жүр. Ал биылғы жылдың соңында Пан Ги Мунның БҰҰ мемлекеттік хатшысы өкілеттілігі аяқталады. Пан Ги Мунның өзінің айтуынша, ол 2017 жылдың қаңтарында Нью-Йорктен Оңтүстік Кореяға барады.
Естеріңізге сала кетсек, Пан Ги Мун бұрын Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі қызметін де атқарған.