• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Қанат Ислам үздік боксшылардың бестігіне енді

154 рет
көрсетілді

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде бір орынға көтерілді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Ол соңғы кездесуін 29 қазан күні Алматы қаласында ганалық Патрик Аллотейге қарсы өткізген. 12 раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Жаңартылған тізімде ол бесінші орынға жайғасты. Ал бірінші орында – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Қазақстандық боксшы келесі ұрысын 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өткізуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар