• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Дүниежүзілік банк Иракқа ірі көлемде несие береді

139 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік банк Ирак экономикасына 1,485 млрд доллар көлемінде несие беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Haberler басылымы. Осылайша Бағдаттың аталған банкқа қарызы 3,4 млрд долларға жетпек. Банктің ресми мәліметінше, бұл несие мұнайдың арзандағаны мен ел аумағында "Ислам мемлекеті" содырларынан келген зиянның орнын толтыру үшін берілмек. Дүниежүзілік банктің өңірлік директоры Ферид Белхадж осы қаражат арқылы шикізат бағасының төмендегеніне қарамастан, Ирак экономикасы жаңаша дамымақ. 2014 жылдан бері шикізат бағасының төмендегені елде жоғарыда аталған террорлық ұйымның күшейіп, елдің қорғаныс қабілетін төмендеткен еді.