ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗДАР, ҚАТЫСЫҢЫЗДАР
Жамбыл облысының әкімдігі өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін көрсету бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында шығармашылық конкурс өткізеді
Конкурс 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жыл сайын ұйымдастырылады.
Конкурстың мақсаты журналистердің (БАҚ-тың ұжымы) Жамбыл облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аймақта іске асырылып отырған мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысына назарын аудару, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қызметіне ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.
Конкурсқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен жетістіктерін насихаттайтын жарияланымдар, телесюжеттер, радиохабарламалар, интервью, репортаждар, очерктер қабылданады.
Конкурсқа журналистер, тәуелсіз авторлар мен аймақтық БАҚ редакцияларының ұжымы қатыса алады.
Конкурсқа жалпы басшылық жүргізуді облыс әкімі бекіткен облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен, конкурсқа қатысушылардың материалдарын іріктеу және облыс әкіміне үміткерлерді анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады (ары қарай – Комиссия).
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– «Үздік публицистикалық материал»
– «Үздік талдамалық материал»
– «Үздік очерк»
– «Үздік ақпараттық хабарлама»
– «Үздік теле-радио репортаж»
– «Үздік басылым және телекомпания»
– «Үздік фото»
Конкурсқа қатысуға жіберілген материалдарға қойылатын талаптар:
1) Конкурстың өту мезгілімен сай телеэфир мен радиоэфирді жылдың ақпанынан қарашасына дейін жариялау немесе орналастыру;
2) мерзімді басылымдар – газет (журнал) түпнұсқалары түрінде;
3) ақпараттық агенттіктер – материалдың шығу мерзімін көрсете отырып, қағаз түрінде;
4) бейне – мекен-жайы мен автор туралы мәлімет көрсетілген CD, DVD сандық тасымалдауыштарында, пішіні AVI, MPEG4. Эфирлік анықтама мен редакцияның жолдама хаты болуы керек;
5) радио – мекен-жайы мен автор туралы мәлімет көрсетілген CD, DVD сандық тасымалдауыштарында, пішіні Mр3. Эфирлік анықтама мен редакцияның жолдама хаты қосымша тіркелуі тиіс;
6) фото – түрлі-түссіз, түрлі-түсті негатив пен слайдтар, ұзындығы 18 см., жоғары, ені 45 см.-ден төмен түрлі-түссіз, түрлі-түсті фотосуреттер түрінде. Фотосуреттің арғы бетінде оның қай жерде, қай кезде түсірілгені және автор туралы мәлімет көрсетілуі тиіс.
Конкурсқа құжаттарды 2011 жылдың 30 қарашасына дейін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасында мына мекен-жайда қабылдайды. Тараз қаласы, «Достық» алаңы, 1, индекс:080000, анықтама телефондары:45-55-73, 43-71-72, электрондық пошта: uvp_taraz@mail.ru.
Конкурстың қорытындысы облыс әкімдігі отырысының хаттамасы үлгісінде дайындалады және оны үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанына дейін жариялайды. Номинациялар бойынша жеңімпаз атанған журналистерге, тәуелсіз авторларға және шығармашыл ұжымдар мен БАҚ өкілдеріне естелік дипломдар, салық бойынша сәйкес міндетті төлемдері орындалатын ақшалай және заттай сыйлықтар тапсырылады.
Конкурстың жариялануы туралы ақпарат пен оның қорытындысы Жамбыл облысы әкімінің сайтында (www.zhambyl.kz) орналастырылады, сонымен қатар, жергілікті баспасөз беттерінде жарияланады.