• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2011

Әзірлік мәселелері қаралды

257 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты аппаратының басшысы Талғат Сәр­сен­баев ҚХР ХӨБЖ Тұрақты комитеті бас хатшысының орын­басары Цао Вэйчжоумен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Парламент Сенатының Төрағасы Қай­рат Мәмидің шақыруы бойынша Халық өкілдерінің Бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның 2011 жыл­ғы 23-28 қыркүйекте Қазақстанға алғашқы ресми сапарына әзірлік мәселелері талқыланды. «Біз ҚХР жоғары өкілді ор­ганы бірінші басшысының  біздің елімізге алдағы сапарына ерекше маңыз береміз», – деді Т.Сәр­сен­баев және ол сапардың жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. «Біздің еліміздің жоғары өкіл­ді органы басшысының Қазақ­станға келуі біздің дәстүрлі дос­тығымыз бен тату көршілігімізді, сондай-ақ екі мемлекет ара­сын­дағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға әзірлігін көрсетеді», деді Ц.Вэйчжоу.