• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

«Егемен Қазақстан» бірнеше қызметке вакансия жариялайды (30.11.2016)

106 рет
көрсетілді

Тілші «Егемен Қазақстан» газеті Интернет-редакциясына тілші қажет. Тілші сайтта экономика, қаржы жаңалықтары бойынша материалдар дайындайды. Сараптамалық мақалалар жазады, сұхбаттар алады. Талаптар: жоғары білім (Журналистика, филология, PR саласы бойынша маманданған үміткерлерге басымдық беріледі); Қазақ тілінде сапалы журналистік материалдар жаза және сауатты сөйлей білу; Ағылшын тілін кемі intermediate деңгейінде білу (мүмкіндігінше); Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;   Веб-дизайнер «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» акционерлік қоғамы Интернет-редакцияның веб-дизайнері қызметіне вакансия ашық екенін жариялайды. Веб-дизайнер сайттың сайттың дизайнын жетілдіру, контентін безендіру, баннерлер мен иконкалар жасау, салынатын суреттерді өңдеу сияқты жұмыстармен айналысады. Талаптар: арнайы техникалық білім, Photoshop, CorelDRAW және басқа да графикалық бағдарламаларды өте жақсы білу; үздік жұмыстарының портфолиосы, еңбек өтілі талап етілмейді.   SEO-инженер SEO-инженер контентті әр іздеу жүйесіне лайықтап оптимизациялайды; сайтты жылжыту жұмыстарының нәтижесі туралы есептік құжат жасайды. Талаптар: Арнайы техникалық білім; Интернет-жобалардың SEO оптимизаторы ретінде кемі 2 жылдық табысты жұмыс тәжірибесі; Joomla, NetCat, WordPress, 1С Битрикс сияқты басқару жүйелерінде жұмыс істей білу.   Жұмыс орны: Астана, «Егемен Қазақстан» көшесі 5/13 Түйіндемелерді мына электронды мекенжайға жіберу керек: portal@egemen.kz Өтініштер 15 желтоқсанға дейін қабылданады.