• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Аляска маламуттары – Алтайда

547 рет
көрсетілді

Батыс Алтайдың бауырындағы Риддер қаласынан өтіп, қалың тай­гаға сұғына түскенде алды­ңыздан «Громотуха» атты демалыс базасы көрінеді. Осы туристік орталыққа келушілердің назары алдымен екі ит сүйреп жүрген шанаға ауа­тыны рас. Әдетте, ит жеккен сырғымаларды біз Сі­бірде тұратын халықтар туралы деректі фильм­дерден ғана көретінбіз. Мұ­ның да содан айырмасы жоқ. Өйт­кені, Аляска мала­муттары адам отырған шананы алшаң баса сүй­рейді. Аляска маламуттары де­мек­ші, бағзыда мәңгі қар басқан мекенде эскимостар қолға үй­реткен қасқыртектес тұқымды қызыға тамашаладық. Бөріге туыс­тығы үрмейтіндігі мен түр-түсінде сияқты. Негізінен тірсекті, мығым келетін бұл тұқым адамдарға өте үйірсек болады екен. Әсіресе, ба­ла­ларды жақсы көреді. Еркегі – Арэс, ұрғашысы – Күміс ханшайым Оленсия деген атқа ие маламуттардың қожайыны Сергей Нам ветеринария саласында жұ­мыс істесе, қызы Ангелина Ом­быда кинолог мамандығын оқып жүр. – Ресейге жиі барамыз. Сібір ормандарында бұғыны да, итті де шанаға жегіп жүреді. Тайгада тұрғандықтан, бізге де бұл үр­дісті енгізуге болады ғой деп ойла­дым. Осындай қызметтер ар­қы­лы ғажайып орман-суымыз­ды танытқымыз, туризмді дамыт­қымыз келеді, – дейді С.Нам. Ол біреуінің өзі 200-300 мың теңгеге бағаланатын маламут кү­шіктерін Ресейден алып ке­ліпті. Иттер қиқулатқанды ұна­­­­тады екен. Айғайға сүрең қо­сыл­ғанда шабысын үдете тү­седі, шананы қиналмай сүйрейді. Тоқ­татарда шананың артындағы темір тежегішін бас­саңыз болды. Жал­пы, Арэс те, Олен­сия да тіл­ал­ғыштығымен, жа­тыр­қамай­тын­дығымен тәнті етті. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы