Бүгін республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел екпіні таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20, таңертең және күндіз 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.