• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Апта назары – Азияда

310 рет
көрсетілді

Еліміздің сыртқы саясатында алдағы аптада болатын шара­лар­­ды дәстүрлі брифингте журналистерге таныстырған Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов осы айдың 6-сы және 7-сі күндері Пәкстан Ислам Республикасының Премьер-министрі Сайед Юсуф Реза Гиланидің Қазақстанға ресми сапары болатынын хабарлады. Астанада өтетін кездесулер ба­рысында мәртебелі қонақ Қа­зақстан басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Пәкстан үкіметі басшысының рес­ми сапары екіжақты саяси үн­қатысудың жалғасуына, сауда-экономикалық, гуманитарлық қаты­нас­тардың дамуына және бүгінгі күнгі екі­жақты және көп­жақты маңызды мәсе­лелер бой­ын­ша ұстанымдарды сәйкес­тен­ді­руге мүмкіндік береді, деген рес­ми өкіл 7-9 қыркүйек ара­лы­ғында Сыртқы істер министрі Ержан Қазы­хановтың Қытай Халық Респуб­ли­ка­сына ресми сапары өтетіндігін де жеткізді. Сапар ба­рысында отандық сырт­қы саясат ведомствосының бас­шысы қы­тай­лық әріптесі Ян Цзечимен және Қы­тай басшылары деңгейіндегі же­ке кездесулер өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ А.Абдрахманов 9 қыр­күйек­те Астанада «Қазақ­стан­дағы сайлау үдерісі: халық­аралық сайлау стан­дарт­тары мен ЕҚЫҰ міндетте­ме­ле­рі­нің тұрғы­сы­нан шақырулар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өт­кізілетінін, онда демократиялық сайлау өткізу қағидаттары мен шарттары және сайлау үдерісін жетілдіру мәселелері талқылана­тынын айтты. 5 қыркүйек күні Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Қайрат Сарыбай Ливия­ның Қазақ­стан­да­ғы Уақытша сенімді өкілі Ахмед Әд-Дибті қабылдағанын журналистер назарына салып, оның ба­рысында Ливиядағы жағдайдың өрбуі және Өтпелі ұлттық ке­ңес­тің ахуалды тұрақтандыру бой­ын­ша іске асырып жатқан шара­ла­ры әңгіме етілгенін жеткізді. Осы кездесуде Қайрат Сарыбай Қазақстан Республикасының Ли­вия­дағы Өтпелі ұлттық кеңесті іс басындағы билік ретінде мойын­дайтынын мәлімдеген. Және Қа­зақстанның ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы ретінде осы ұйымның қолда бар ресурстарын Ли­виядағы ахуалды тез арада реттеуге және гумани­тар­лық дағдарысты еңсеруге жұмыл­ды­руға дайын екенін жеткізген. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.