• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №734

292 рет
көрсетілді

2011 жылғы 30 маусым,  Астана, Үкімет Үйі Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №734 қаулысымен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері Р/с №    Өңір    1 мың адамға шаршы метр* 1.    Астана қаласы    360 2.    Алматы қаласы    485 3.    Ақмола облысы    153 4.    Ақтөбе облысы    177 5.    Алматы облысы    74 6.    Атырау облысы    259 7.    Батыс Қазақстан облысы    97 8.    Жамбыл облысы    77 9.    Қарағанды облысы    217 10.    Қостанай облысы    209 11.    Кызылорда облысы    95 12.    Маңғыстау облысы    199 13.    Оңтүстік Қазақстан облысы    73 14.    Павлодар облысы    232 15.    Солтүстік Қазақстан облысы    310 16.    Шығыс Қазақстан облысы    166 17.    Қазақстан Республикасы    187 Ескертпе: *Сауда нарықтарындағы сауда алаңын есепке алмағандағы сауда алаңы.