• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қаңтар, 2017

Қытай футбол командасы «Челсидің» тағы бір ойыншысын сатып алмақ

253 рет
көрсетілді

Қытайдың Суперлигасына шыққан «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубы испаниялық шабуылшы Диего Коста үшін «Челсиге» ұсыныс жасады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Аталған команда лондондық ұжымға 80 миллион еуро төлеуге дайын. Ал бұған дейін 50 миллион еуро ұсынған болатын. Бұдан бөлек, Коста Аспанасты еліне келер болса, әлемдегі жалақасы жоғары футболшылардың бірі атанады. Мәліметтер бойынша, оның бір апталық ақшасы 480 мың фунтты құрауы мүмкін. Айта кетейік, «Тяньцзинь Цюаньцзянь» командасын әйгілі итальян қорғаушысы Фабио Каннаваро жаттықтырады.