«Бенфика» командасы әлі де «Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичті өз қатарларына қосып алуға ниетті. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
O Jogo басылымының мәліметі бойынша, Максимовичтің өкілдері португал футбол клубының президенті Луиш Фелипе Виейромен жақын күндері кездесуі тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін 21 жастағы хавбекке Португалияның тағы бір клубы «Спортинг» те қызығушылық танытқан болатын. Алайда, нақты ұсыныс жасалмағандықтан іс аяқсыз қалды.
Неманья Максимович елордалық ұжымның сапына 2015 жылдың ақпан айында келген. Бүгінге дейін екі мәрте ел чемпионы атанып, бір рет Қазақстан Кубогында жеңіске жеткен. Премьер-лигада 54 ойынға қатысып, 9 голдың және 6 нәтижелі пастың авторы атанды. Сонымен қатар, өз клубын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуіне септігін тигізген.