• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Қолма-қол ақшасыз өмір сүруге дайынбыз ба?

475 рет
көрсетілді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­станның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты халыққа арнаған жаңа Жол­дау­ында осы жаңғыруды жүргізудің бес не­гізгі басымдығы ішінен бірінші ба­­сымдық ретінде экономиканың же­делдетілген технологиялық жаң­ғы­р­­тылуын атады. «Біз цифрлық тех­­нологияны қолдану арқылы құ­ры­латын жаңа индустрияларды өр­кен­детуге тиіспіз. Бұл – маңызды ке­шенді міндет», деді Президент. Иә, жаңғырту үдерістері қазіргі күні бүкіл әлем елдерінің алдындағы маңызды міндетке айналып отыр. Мұны әрбір ел өз мүмкіндігі мен деңгейіне сәйкес жүзеге асыруда. Жаңғырту үдерістері жоғары технологиялы өн­дірістерден бастап, көптеген қызмет көр­сету салаларын қамтыды. Осының ішін­де банктер көрсететін қызметтер де бар. Бірқатар сарапшылардың айтуы бойынша, қазіргі өмірдің жедел өзгерістері сондай ақпараттық технологиялардың күрт дамуы көп өтпей-ақ банктердің қызметтері барынша дамытылғанымен олардың өздері құрылым ретінде өмірде бола ма, жоқ әлде болмай ма деген сұрақты да біздің алдымызға тосуы мүмкін. Жан-жағымыздан керней бастаған өзгерістер әлемі қоғам ішінде көптеген жаңа идеяларды туындатуда. Мәселен, экономист Арман Байғанов Қазақстанда қолма-қол ақша айналымын толық жою жөнінде ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс осыдан бір-екі күн бұрын Tengrinews.kz сайтында жарияланды. Сарапшының айтуынша, қазіргі күні қолма-қол ақша айналымында жүрген қаражатты қамтамасыз ету үшін жылына біздің ішкі жалпы өні­міміздің 1 пайызындай шамада қар­жы жұмсалады екен. Әрине, бұл аз қар­жы емес. «Бұл шығындардың бә­рі Монета сарайын, Банкнот сарайын, инкассациялық қызметті, күзет қыз­метін және банктердегі кассалық қыз­меттерді ұстап тұру және оларды қам­та­масыз ету үшін жұмсалады. Міне, осы шығынның өзі еліміздің қорғаныс са­ласына кететін шығындармен шамалас», дейді экономист. Арман Байғанов бұл мәселеде вело­сипед ойлап тауып отырған жоқ. Ол өз ұсынысын қазіргі әлемдік тә­жі­ри­белерді негізге ала отырып біл­дірген. Мә­селен, қазіргі күні Швецияда қаржы опе­рацияларының 97 пайызы қолма-қол есеп айырысуларсыз жүзеге асырыла­ды екен. Қолма-қол ақшадан бас тартуды ойластырып жатқан елдердің арасында Оңтүстік Корея да бар көрінеді. Мұнда операциялардың 2 пайызы ғана қолма-қол ақшамен жүргізіледі. Ал осы көрсеткіш АҚШ-та 7 пайызды,  Еуроодақта 9 пайызды құрайды. Сарапшының айтуынша, қолма-қол ақшадан толық бас тартудың елі­мізге беретін пайдасы өте көп. Мұн­дай жағдай салық жинауды 100 пайыз жү­зеге асыруға, сыбайлас жем­қор­лық­ты жоюға, жалған кә­сіпкерлікті та­мырымен құртуға мүм­кін­дік береді. «Өй­т­кені, кез келген ше­неунік параны қолма-қол ақшамен ала­тындығы ай­қын. Ал банктағы шот ар­қылы алған жағдайда оны анықтау құ­қық қорғау органдарына өте жеңіл бо­лар еді», дейді сарапшы. Осыған орай, ол қолма-қол ақшаны жою үшін эквайрингтік жүйені бар­лық жерде дамыту қажеттігін еске сал­ған. Эквайрингтік жүйе дегеніміз тө­лемдердің барлық түрлерін төлем кар­талары арқылы жүзеге асыру болып та­былады. Біз осы жағдайға дайынбыз ба? Міне, мәселе осында тұр. Біздің ойымызша, қолма-қол ақша­ны жою техникалық тұрғыдан ал­ған­да соншама қиын міндет емес. Авто­мат­тандырылған төлем жүйелерін жер-жерлерде жаппай енгізуге болады. Өйткені, бұл жүйе қазірдің өзінде біздің елімізде жақсы дамып келеді. Мәселе, осы жүйені қолдануға халықты түгелдей дайындау проблемасында тұр­ған секілді. Әлемнің көптеген сарапшыла­ры дамудың қазіргі проблемалары жаңа технологияларды әзірлеп енгізуде емес, халықты сол технологияларға үйрету мәселесінде тұрғандығын айтып жар салуда. Мәселен, Ресейдегі фин өнер­кәсібі өкілдігі директорлар кеңесінің тө­­р­ағасы қызметін атқарған Фин­лян­дия­ның бұрынғы премьер-ми­нистрі Эско Ахо Ресейдің атақты би­з­нес өкілдерімен пікірталасқа түс­кен кезінде қазіргі күні әлемдегі смарт­­фон пайдаланушылардың 43 пай­ызы оны ойын үшін, 20 пайызы әлеу­мет­тік желілерде хабарласу үшін, 10 пай­ызы музыка тыңдау үшін қол­да­на­­тындығын айтқан. «Егер, – дейді Ахо, – адамдардың барлығы бір­дей қа­зіргі технологиялардың әр­кім­ге ор­тақ осы жетістігін өздерінің ден­сау­лық­тарын түзеу, білімдерін же­тілдіру мақ­сатында пайдаланатын бол­са, онда біз­де цифрлық дәуір шын мә­нінде ор­наған болар еді». Ахоның бұл сөзіне алып-қосарымыз жоқ. Сол секілді бізде де қолма-қол ақ­ша­ны толықтай жоюға болар еді, егер оған халқымыз жаппай дайын болса де­мекпіз.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»