• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Ұлттық банк ЕДБ-нің проблемалық несиелерін өтеуге 2 трлн теңге бөледі

236 рет
көрсетілді

Банк секторын сауықтыру мақсатында, проблемалық несиелер қорына 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банк басшысының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Банк секторын сауықтыру тапсырмаларын орындау аясында проблемалық несиелер қорын капиталдандыру қарастырылған», - деп атап өтті Смоляков «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды таныстыру кезінде. Депутаттардың аталмыш капитализацияның көлемі туралы қойылған сауалына Ұлттық банк өкілі: «2 трлн теңге», - деп жауап қатты. «Қазіргі уақытта қор түрлі принциптермен жұмыс істеуде. Оның нормативтік-құқытық базасы жасалды. Онда қор шартты қаржыландыруды жүргізе алады, сонымен қатар активтерді түрлі форматтарда: баланстық құны бойынша және нарықтық бағасы бойынша сатып ала алады», - деді Олег Смоляков.