• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Пәкістанда Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салынды

261 рет
көрсетілді

Пәкістан астанасы Исламабадтың жоғарғы соты Әулие Валентин күнін мұсылман мәдениетіне қайшы келеді деп танып, қалада мерекені тойлауға тиым салды. Бұл туралы Би-Би-Си-дің ресейлік қызметі хабарлады. Сот қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде мерекеге арналған іс-шаралар өткізуге тиым салған. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне де «ғашықтар күніне» қатысты қандай да бір оқиғаны баяндауға немесе жарнамалауға рұқсат берілмейді. Сот бұл шешімді Әулие Валентин күнін тойлаудың ислам іліміне қайшы келетіні туралы жазылған петициядан кейін қабылдаған. The Dawn газетінің ақпарынша, петицияда «ғашықтар күніне» арналған іс-шаралардың адамгершілікке жат көзқарас пен орынсыз мінез-құлықтың таралуына апаратыны айтылған. Соңғы жылдары бұл мереке Пәкістанда кеңінен тарала бастады. Әулие Валентин күнін елдің ірі қалалары ерекше белсенділікпен тойлауда. Бірақ, көптеген діни топтар оған қарсы пікірлерін білдірген. Бір жыл бұрын ел президенті Мамнун Хусейн Әулие Валентин күнін тойлаудан аулақ болу керектігін, себебі, бұл мереке Пәкістан мәдениетіне сәйкес келмейтінін мәлімдеген болатын. Биыл Кохат қаласында 14-ақпанға ашық хаттар мен мерекелік тауарлар сатуға тиым салынды. Сондай-ақ Пешавар қаласында мерекені тойлауға рұқсат берілмеді. Кейінірек екі қаланың да билік өкілдері тиым салу туралы хабарламаның ескерілмегенін мәлім еткен.