• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Қазақстан шетелге электр энергиясын экспорттауы мүмкін

192 рет
көрсетілді

Қазақстанда электр энергиясын шығаратын ұйымдарға артық энергияны сырт мемлекеттерге сатуға рұқсат беру жайы қарастырылуда. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде "Энергетика мәселелері туралы" заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде "KEGOK" АҚ теxнологиялық даму бойынша атқарушы директоры Әскербек Қуанышбаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Электр энергиясына шекті тарифтер енгізілгеннен бергі 7 жыл ішінде көп іс атқарылды. Салаға триллион теңгеге тарта инвестиция салынды. Қазір Қазақстанда 20 мың мегаватт қуаттылық тіркелсе, оның ішінде 3 мың мегаватт электр энергиясы профицит болып саналады", - деді ол. Оның сөзінше, бұл профицит әлі 2026-2027 жылдарға дейін сақталады. "Аталған заң жобасының 13-бабында былай делінген: Энергия өндіруші ұйым ҚР Бірыңғай электроэнергетикалық жүйеде электр энергиясының проифициті кезінде электр энергиясын Қазақстаннан тыс мемлекеттерге ҚР тұтынушылары сатып алатын бағадан кем емес деңгейде сатуға құқылы", - деп түсіндірді Әскербек Қуанышбаев.