• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Бақытжан Сағынтаев Өскемендегі көз микрохирургиясы емханасына барды

189 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев көз микрохирургиясы емханасының консультативтік-диагностикалық бөлімінің, стационарының және операциялық блогының жұмысымен танысты, деп жазады pm.kz. Медицина мекемесін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа медицина кадрларын қайта даярлаудың үшдеңгейлік жүйесі таныстырылды. Орталықта көз аурулары диагностикасы мен оларды емдеудің барлық негізгі заманауи технологиялары енгізілген. Озық технологиялар, жаңа жабдықтар, хирургиялық ілгерінді әдістемелер емханада жүргізілетін емнің жоғарғы сапасын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Айта кету керек, аталмыш орталықта биыл 300-ден астам адам кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін алады.