Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия (әрі қарай – Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясын жүзеге асыру аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастардың Қазақстан Тәуелсіздігіне сүбелі үлес қосқан белгілі тұлғалармен кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуге Ұлттық комиссия мүшелері, көрнекті қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Танымал тұлғалар ішінде Зәуре Қадырқызы Жүсіпова, Айткүл Байғазықызы Самақова, Оразгүл Асанғазықызы Асанғазы, Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков, Ғаділдек Минажұлы Шалахметов, Тоты Әмірова және басқалар болды.
Кездесуге қатысушылар тәуелсіз Қазақстанды құру мен қалыптастыруға орасан зор еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсетті.
«Егемен-ақпарат»