• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Қазалыда 75 жұмыс орны ашылды

329 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 75 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасы. Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймахановтың айтуынша, биылдың өзінде жергілікті 22 кәсіпкерге барлығы 130 млн теңге несие берілген. Нәтижесінде ауданда 75 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай кәсіпкердің бірі Альбина Нұрбаева 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол өңірлік инвестициялық орталық арқылы 8 млн теңге несие алып, бұл қаржыға заманауи үлгідегі пеш, нан жаятын машина, иленген қамырды бумен көтеретін құрал, кондитер өнімдерін салып пісіретін түрлі құралдар сатып алды. Одан бөлек кәсіпкер жаңадан алған пештерін қою үшін құрылыс жұмыстарын жүргізіп, цехты кеңейкен. Қазір кондитер цехында кондитерлік өнімдердің 10-нан астам түрі дайындалады. Қазалы ауданындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкер болуға ниетті 1048 тұрғынның басым көпшілігі – жұмыссыз жастар. «Бизнес кеңесші» оқу семинары тұрақты өткізіліп, 188 кәсіпкер мен кәсіп ашуға ниетті жандарға арнайы сертификаттар табыс етілген.