• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Қазақстан су қауіпсіздігі бойынша 10 орында - АДБ

154 рет
көрсетілді

Азия даму банкі жасаған су қауіпсіздігі рейтингінде Қазақстан Азия елдерінің ішінде 10-орында тұр, деп хабарлады Азия даму банкінің су ресурстарының бас маманы Ясмин Сиддики "Білімге негізделген су ресурсарын басқару" атты ІІІ қазақстандық форумда. «АДБ құрастырған су қауіпсіздігі индексінде Қазақстан оныншы орында тұр. Бұл жаман көрсеткіш емес. Рейтингке жалпы 48 мемлекет қатысты", деді Я.Сиддики Сонымен қатар сарапшы осы нәтижемен шектеліп қоймай, үнемі алға жылжу керектігін айтты. Себебі 2050 жылы Азия халқы 5,2 млрд адамға жетіп, таза ауыз су жетіспеушілігі болуы мүмкін. «Ауыл шаруашылығы су ресурстарының 80 пайызын қолданады. Жалпы, су ресурстарын есепке алып, қанша су бар екенін, кім және қалай пайдаланып отырғанын біліп отыру керек", деді Я. Сиддики.