• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Азаттық символын айшықтайды

181 рет
көрсетілді

Алматы жастары айға жуық Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің алдында селфи жасауды сәнге айналдырмақ. Жастыққа тән жарасымды үрдіс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, қаладағы MEGA Park сауда, ойын-сауық орталығында студенттердің флешмобына ұласты. «Тәуелсіздік монументіндегі селфи» 15 желтоқсанға дейін жал­ғасады. Бұл бастамаға 1991 жылы туған еліміздің танымал өнер майталмандары мен спорт саңлақтары белсенді қатысып, өздерінің Тәу­ел­­сіздікке қосқан үлесін наси­хат­­тайды. Осылайша жастар азат­тық символы – Тәу­елсіздік мо­нументінде селфи жасау арқылы ел­жандылықты әлеу­меттік желілер арқылы жарнамалау­ды көздеп отыр. Селфиді тәуелсіздік құрдастары – жас іскер «Bugin Group» компа­ниясының коммерциялық директоры, «Toptyres.kz» ЖШС дирек­торы Қуаныш Сейсембаев пен «Жайдарман» ойындарының жеңімпазы, актер Нұрсұлтан Жақ­сы­генов бастап, замандастарына эстафета жолдады. Бұл іс-шаралардың тиімді өтуіне Алматы қалалық «Жас Отан» жас­тар қанаты мен «Алматы қала­лық музейлер бірлестігі» КМҚК меке­месі ат салысуда. Әрине, акцияның мақсаты жай ғана селфи емес. Тәуелсіздіктің символындай болған монументке тағзым ету, өзге жастарды да патриоттық іс-шараға шақыру. Акция қатысушысы селфи жасай отырып, ортақ мерекеге деген өзінің құрметін көрсетіп, Отанға деген лебіздері мен тілектерін әлеуметтік желіге #монумент25каз хэштегімен салады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ